Бельгиямен ойынды кім көрсетеді?

06.10.2011, 21:43
Бельгиямен ойынды кім көрсетеді?

Бельгия-Қазақстан арасындағы ойынды елімізге тарайтын республикалық арналардың ешқайсысы көрсетпейтін сыңайлы. Барлығының бағдарламалар кестесін қарап шықтық. Жоқ. Кз Плэй 1 арнасынан да ешқандай жарнама көріп жатқанымыз жоқ. Соған қарағанда бұл ойынды тағы да интернет арқылы көретін секілдіміз.

Өткенде Түркиямен болған ойынды да ешбір арна көрсетпей қырғын қылған. Аброй болғанда Кз1 көрсетті. Ал ол арна жоқ жердегілер қызықтан қағылды.

Сол матчты көрсетпегені үшін көп ел ұлттық арнаны жазғырды. Ал оған арнаның еш кінәсі жоқ. Барлығына кінәлі Қазақстан футбол федерациясы болып шықты. Өткен жылдары әлгібір телекомпанияға ақша қарыз болып, соны төлемей кеткен еді ғой. Тура сол телеарна сол матчты түсірген екен. Және оның Қазақстан екендігін біліп сигнал жібермейтін болады. Түркия федерациясынан Қазақстан федерациясы сигнал сұрағанда олар ана телеарнаның рұқсатынсыз бере алмаймыз дейді.

Міне, жағдай осылай болған екен. Оның анық-қанығына біз кейінірек жеттік. Енді осы келе жатқан ойынды еш арна көрсетпейді. Көпшілік жанкүйерлерге амал жоқ интернет ресурстарға жүгіне тұруға тура келеді.

Ал австриямен болатын "Астана-Аренадағы" ойында Хабардан тамашалай аласыздар. Ол ойын 11-қазан күні өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×