Бенаюнның Англиядағы жорығы аяқталды

08.06.2014, 10:33
 Бенаюнның Англиядағы жорығы аяқталды
Израиль елінің танымал футболшысы Йосси Бенаюн ағылшын чемпионатынан кетті. Футболшы мансабын өз елінде жалғастырмақшы. Нақтырақ айтар болсақ, Бенаюн Хайфа қаласындағы «Маккаби» командасында өнер көрсететін болады. 35 жасар жартылай қорғаушы жаңа командасымен 2 жылдық келісім шарт жасасып қойған көрінеді. Йосси футболдағы мансабын «Маккабиде» бастаған. Әдемі ойынымен футбол мамандарының көзіне түсе бастаған футболшыны испаниялық «Сантандер» командасы сатып алған. Көп ұзамай Англияға сапар шеккен израиль футболшысының ағылшын премьер лигасындағы алғашқы командасы «Вест Хэм» болды. Ал футболдағы нағыз жұлдызды шағын  «Ливерпуль» командасында өткізді. Лондондық «Челси» командасында Бенаюн өзінің футболшылық қырын толық аша алмады. Кейін «Арсенал» мен «Куинз Парк Рейнджерс» командаларында да ойнады.   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×