"Бенфика" - "Астана" матчын "Қазмедиа орталығы" тікелей эфирде көрсетеді

15.09.2015, 21:19
"Бенфика" - "Астана" матчын "Қазмедиа орталығы" тікелей эфирде көрсетеді
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі португалиялық "Бенфика" мен "Астана" арасындағы кездесу "Қазмедиа орталығының" кинозалында тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Aladop.kz. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, ойынды үлкен экраннан тамашлаймын деушілердің ертерек келуі сұралады, орын саны шектеулі - 946. Залдан орын алмаған көрермендер үшін, матчты "Қазмедиа орталығының" сыртқы экранынан тікелей эфирде көруге мүмкіндік беріледі. Трансляция жүргізушілері атақты актер және музыкант Әнуар Нұрпейісов пен Абзал Гарифуллин болмақ. Кездесу Лиссабон қаласында, 15-нен 16-сына қараған түні, Астана уақытымен сағат 00:45 өтеді. Чемпиондар Лигасының топтық кезең аясындағы тартысты елордалық клуб португалиялық "Бенфикаға" қарсы кездесуден бастайды. Өтетін орны: "Қазмедиа орталығы", Қонаев көшесі, 4
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×