"Бенфика" "Галатасарайдан" есе қайтарып, "Астанаға" мүмкіндік сыйлады

04.11.2015, 16:54
"Бенфика" "Галатасарайдан" есе қайтарып, "Астанаға" мүмкіндік сыйлады
Лиссабондық өздері үшін де, "Астана" үшін де маңызды жеңіске қол жеткізді.  Командалар 15 минуттың ішінде үш гол тоғытты. Алаң иелері Жонас голының арқасында 52-ші минутта есепте алға шықты. Алайда, қонақтар алты минуттан кейін таразы басын теңестіріп кетті. Подольски мергендігімен көзге түсті. Дегенмен, команда капитаны Луизао 67-ші минутта жеңісті голды соғып, "Бенфиканың" топта жеке-дара көш бастауына көмектесті. "Бенфиканың" осы жеңісінен кейін "Астанада" көктемде еурокубокте өнер көрсететін мүмкіндік бар. Ол үшін, Стойлов командасы қалған екі ойынның бірінде жеңіске жетіп, бірінде тең түссе жеткілікті. Чемпиондар Лигасы. Топтық кезең. C тобы "Бенфика" – "Галатасарай" 2:1 (0:0) Голдар:Жонас, 52 (1:0); Подольски, 58 (1:1); Луизао, 67 (2:1). "Астана"-"Атлетико" 0:0
1   БЕНФИКА 4 3 0 1 7-4 9
2   АТЛЕТИКО 4 2 1 1 7-2 7
3   ГАЛАТАСАРАЙ 4 1 1 2 5-7 4
4   АСТАНА 4 0 2 2 2-8 2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×