«Бешикташ» Зайнутдиновты «қуып» жатыр? Футболшының өкілдері стамбулдық командамен шұғыл келіссөздер жүргізуде

03.07.2025, 17:27

«Vesti.kz» мәлімдеуінше, Бахтиер Зайнутдинов жақын күндері «Бешикташпен» қош айтысуы ықтимал. 

«Бешикташ» Зайнутдиновты «қуып» жатыр? Футболшының өкілдері стамбулдық командамен шұғыл келіссөздер жүргізуде
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Қазақстандық футболшының өкілі Андрей Степанов дәл осы күндері Стамбулға жетіп, мәселені біржақты етуге күш салуда делінген. 

Айта кетейік, «қырандардың» бас бапкері Олу Гуннар Сульшер осыған дейін де Зайнутдиновтың қажетсіздігін алға тартып, тіпті жақында 27 жастағы футболшының позициясына жаңа футболшыны алған болатын (Давид Юрасек). Енді осының барлығын ескере келе Бахтиер Зайнутдиновтың Стамбулдағы хикаясы аяқталуға жақын дей беруге болатын сияқты. Әмбебап ойыншыға РПЛ клубтарының, атап айтқанда мәскеулік «Динамоның» қызығушылығы жайлы жазылған. Осы қатарда «Зенит» бастаған тағы бірнеше ресейлік команданы да атап өтуге болады. Ал Зайнутдиновтың өзі мүмкіндік болса Еуропада қалуды жөн көретінін жасырмайды. Оқиғаның қалай өрбитінін өздеріңізбен бөлісеміз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×