Билеттер сатылымда

13.03.2013, 20:43
Билеттер сатылымда
Наурыздың 22-сі күні Қазақстан ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында "Астана-Арена" стадионында Германия құрамасын қабылдайды. Ертең, яғни 13 наурыздан бастап осы матчқа билет сатыла бастайды. Билеттерді Астанадағы Меломан дүкендерінен, «12-ші ойыншы» дүкенінен (Астана қ, Тұран даңғылы 37, «Хан - Шатыр» ОСО, 0-қабат, 030 дүңгіршек), Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионның кассасынан (Астана қ, Кенесары к, 14) және «Астана - Арена» стадионының кассаларынан сатып алуға болады. "Астана-Арена" стадионының кассасы наурыздың 20-сында ашылып, сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Ал 22 наурызда сағат 11:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін ашық болады. Кездесуден кейін билет сатып алған көрермендер арасында екі көлік ойнатылады: жол талғамайтын Hyundai Santa Fe және Hyundai i 30 хэтчбегі. Ұтыс ойынына қатысу үшін билет сатып алыңыз да, ойнатылатын арнайы бөлігін "Астана-Арена" стадионының барлық кіре беріс жерлерінде орналасқан шыны жәшіктердің біріне салыңыз. Билетті матч соңына дейін сақтаңыз! Билет бағалары: Оңтүстік және солтүстік трибуналар - 500 теңге, Шығыс трибуна (жоғарғы қабат) - 1 500 теңге, Шығыс трибуна (төменгі қабаттың 1, 2, 3, 7, 8, 9 секторлары) - 3 000 теңге, Шығыс трибуна (төменгі қабаттың 4-6 қабаттары) - 5 000 теңге, Батыс трибуна (жоғарғы қабат) - 1 500 теңге, Батыс трибуна (төменгі қабат) - 3 000 теңге, Батыс трибуна (1 категория) - 7 000 теңге.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Тараз - Атырау 4-1
Келесі жаңалық
2-тур қорытындысы
Серіктес жаңалықтары
×