Бір орам қағаз футбол төрешісін естен тандырды

24.09.2011, 22:08
Бір орам қағаз футбол төрешісін естен тандырды
Бір орам қағаз футбол арбитрын нокаутқа аттандырды. Осылайша Оңтүстік Американың қызу қанды жанкүйерлері тағы бір жағымсыз қырынан танылды. Белгісіз біреудің биіктен лақтырған орама қағазы қазының қақ шекесіне дәл тиді. Төреші, тіпті, бірнеше минут бойы басын ұстап, есін жия алмады. Нәтижесінде Судамерикана Кубогіндегі «Национал» мен «Универсидад» клубтарының кездесуі кейінге шегерілді. Дәл осындай жағдай Чилиде 2008 жылы тіркелген еді. Ол жолы жанкүйерлер төрешіні бөтелкемен мұрттай ұшырған болатын. Содан бері стадионға шынылы шөлмекпен кіруге тыйым салынды. Енді қағазға да шектеу қойылатын шығар. Kaztrk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Түркияны Шымкентте ұттық
Келесі жаңалық
УЕФА отырысы
×