Бірінші лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы анықталды

26.10.2021, 00:40
Бұл футболшы Бірінші лиганың үздік сұрмергені болып табылады.
Бірінші лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткен айдың қорытындысы бойынша Бірінші лига командалары арасындағы біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатымен сауалнама өткізді. 

2021 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік ойыншысы болып «Ақсу» шабуылшысы Мирас Тұрлыбек атанды. Сауалнама нәтижесі бойынша Павлодар футболының түлегі 15 ұпай жинады. 

Екінші орында «Оқжетпестің» тәжірибелі шабуылшысы Жасұлан Молдақараев тұр, ол 14 ұпай жинады. Үздік үштікті 13 ұпаймен «Екібастұз» командасының жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов түйіндеді. 

Аталмыш марапатты Бірінші лиганың 21-турындағы «Ақсу» - «Оқжетпес» матчы алдында Мирас Тұрлыбекке отандық футболға еңбегі сіңген ардагер Ойрат Садуов табыс етті.

Қазақ футболының ардагері Ойрат Батайұлы жас ойыншының шеберлігі туралы пікір білдірді:

- Мирас — біздің футбол орталығымыздың түлегі, ол менің көз алдымда өсті. Осы маусымнан бастап Мираста прогресс байқалды. Көктемде Тұрлыбек негізгі құрамға үміткер емес еді, ал қазір ол — үздік сұрмерген және маусымның ең мықты ойыншыларының бірі. Егер ол өзіне қойылатын талаптарды төмендетпесе және алға жылжуды жалғастырса, шынымен де жақсы ойыншыға айналады. «Ақсуға» келетін болсақ, команда маусымның басында қиындықтарға тап болды, бірақ олар Біріншілік барысында прогресс жасай бастады. Менің ойымша, команда маусымға қойылған тапсырманы орындады, сонымен қатар олардың Бірінші лигада алғаш рет ойнағанын айта кетуіміз керек. Егер «Ақсу» маусым қорытындысы бойынша бірінші орын алса, бұл өте керемет нәтиже болады, - деді футбол ардагері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×