Біріншілік басталды

12.03.2012, 21:51
Біріншілік басталды

Премьер-лиганың дебютанты қаскелеңдік «Сұңқар» Алматыдағы ҚазЭУ (бұрынғы НарХоз) стадионында Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдап, 1:0 есебімен ұтты. Қызылорданың «Қайсары» «Ақтөбеден» жеңілсе, Тараздықтар «Астанаға» екі жауапсыз гол соқты. Ең тартысты ойын Батыс өңірінде болды. Кубогтың иегері, Шымкенттік «Ордабасы» Атыраулықтарды әрең дегенде 3:2 есебімен жеңді. «Ақжайық» «Оқжетпесті» ойсырата ұтса (3:0), күні кеше таныстырылымын «дүркіретіп» өкізген «Қайрат» Қостанайлық «Тобылға» 0:4 есебімен ұтылды. «Ертіс» – «Шахтер» 1:0.

«Ертіс» – «Шахтер»1:0 Гол: Струков 6 Сергей Струков, Тити Эссомба мен Улугбек Бакаевтардың басын қосқан «Ертістің» шабуылы ел-жұртты үрейлендіруде. Сергей мен Тити ойынның бесінші минутында ұйымдастырған комбинациясы нәтижелі аяқталды. Чемпиондар жауап қайтара алмады. «Сұңқар»  – «Жетісу» 1:0 Гол: Ілияс Әмірсейітов, 51 39 минутта Бөлешев пенальти орындай алмады. Соған қарамастан 50-ші минутта ұйымдастырылған шабуыл сәтті аяқталып, Ілияс Әмірсейітовтің арқасында «Сұңқар» алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Анау-мынау» команданы емес азулы «Жетісуды» ұтты. «Қайсар» – «Ақтөбе» 0:2 Голдар: Байер, 40. Климавичус, 53 Қызылордалық команда ойынды көп-көрім бастап Андрей Сидельниковтің қақпасына үлкен қауіп төндірді. Алайда шеберлік жетіңкіремеді алаң қожайындарына. Ақтөбе ойыншысы Лукаш Байер бірінші голдың авторы атанып матчтың шымылдығын ашты. Ал Арунас Климавичюс есепті 0:2-ге жеткізді. «Атырау»  -   «Ордабасы» 2:3 Голдар: Данилюк 21,  (1:0) Сигурдссон  45,  (2:0) Карпович 51, (2:1) Тәжімбетов  71,  (2:2) Джилас 87, (2:3) Тарас Данилюк пен Хагннес Сигурдссонның екі голынан кейін «Ордабасы» бас көтере алар деп кім ойлаған. Карпович, Тәжімбетов пен Джилас батыстықтардың саңлауын дәл тауып жеңісті жұлып әкетті. «Оқжетпес» – «Ақжайық» 0:3 Голдар: Зенькович 5 пенальти, Забродин 47, Зенкович 90 «Астана» — «Тараз» 0:2 Голдар: Перич 64 (0:1), Пртенияк 90 (0:2) «Ақжайық» көкшетаулық команданы ірі есеппен ұтты. Зенькович бұл ойында екі голдың авторы атанды. «Тобыл» — «Қайрат» 4:0 Голдар: Джолчиев 34 (1:0), Головской  пенальтиден 50 (2:0), Де Соуза 57 (3:0), Джолчиев 64 (4:0) «Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы матчтың есебі мұндай ірі болар деп ойламаған ешкім. «Толыл» футболшылары алматылық меймандарға түк қонақжайлық көрсетпей, допқа жеке дара иелік етті. Бауыржан Джолчиевтің «дублі», Де Соуза мен Головскойдың бір-бір голы «Қайраттың» еңсесін басып тастады.  

Олжас НҰРАЗХАН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×