Біріншіліктегі ең жылдам гол Жаңаөзенде соғылды

12.01.2013, 01:27
Біріншіліктегі ең  жылдам гол Жаңаөзенде соғылды
Футзалдан Қазақстан біріншілігінің  оныншы турындағы    жауапты ойын  Жаңаөзен қаласында өтті болатын.  Бұл кездесуде  Қарағандылық қонақтар  алаң иелерінен басым түсті. Алғашқы ойын  Қарағанды қаласында  өткен болатын. Мұнда алаң иелері  «Тұлпар» командасы  Жаңаөзендіктерді  7:1 есебімен ойсырата  ұттып, оңай жеңген болатын.  Ал, екінші  кездесу   «Өзенмұнайгаз»   алаңына  өтті.  Бұл жолы   «Тұлпарлықтарға»  мұнайшылар командасы  оңай  шағылатын  жаңғақ емес екендіктерін  дәлелдеді.  «Тұлпарлықтар»  ойын басталмай жатып,  қайта бастауына тура келді.  Өйткені,   бұл ойында көрермендер  чемпионаттағы ең жылдам соғылған голдың куәгері болды.  Ойын басталған бойда  Асхат Төретаев қарсыластарының   добын  тосып алып,  бұрышпен  қарсыластарын  айып алаңына  өтіп барып допты  қақпаға тепті.  Тұлпарлық қақпашы Жероними  допты қайтара алғанымен,  Серікбаевтың  аяғынан табылды.  Ол мүмкіндігін мүл жібермей , ойындағы алғашқы  голды соғып,есепті ашты.   Осылайша таблода  Жаңаөзендік команданың пайдасына көрсетілген  1:0 нәтиежесі  тіркелді. Алайда, «Тұлпар»  жігіттері көп уақыт  өтпей-ақ өздерінің  неліктен біріншіліктегі үздік командалардың бірі екенін көрсетті.  Олар,  үзіліске дейін, мұнайшылар командасының  қақпасына  жауапсыз з голды салды.   Қарағандылық команданың  капитаны  Есенаманов  бұрыштамадан берілген   допты   қақпаға бағыттап есепті теңестірсе,   он сегізінші мунитта  Довгань  гол салып көзге түсті. Осы минутта  мұнайшылар командасының  ойыншылары    Есенамановты   көзден  таса қалдырып,  оқылыққа жол берді.  Капитан бұрыштамандан берілген допты  қайтадан  қақпаға  бағыттап,  дубл авторы атанды. Екінші  таймның ортасында  «Өзенмұнайгаз» командасының  үздік шабуылшысы  Төретаев   әріптестерін  алға сөйреді.  Қарымта шуыл кезінде Серікбаев  командаласы Асхатқа  қақпашы жекпе-жек  шығаратын  әдемі   пас берді.  Ал,  Жаңаөзендік үздік шабуылшы мүмкіндігін мүлт жібермеді.  Осыдан соң, алаң иелері  есепті теңестеруге барын салды.  Алаң иелерінің қақпаға бағыттаған  добы бірде қақпа маңдайшасынан кері қайтса, бірде  қақпашы Жероними  тосып алды. Осындай сәттердің бірінде  мұнайшылар командасының  қорғаушысы алыстан пасын  ұтымды жолмен  қапшып алған  «Тұлпарлық»  Шорин  қарсыластарының ашық қақпасына салып кетті.  Одан соң, «Өзенмұнайгаз» командасының жігіттері  қаншама шабуылға шығып,  таблодағы көрсеткішті  өз пайдасына өзгерткісі келгенімен  үмтылыстарынан түкте шықпады. Осылайша, ойын қорытындысы 2:4 есебімен  «Тұлпар» командасының  жеңісімен аяқталды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×