Біз алаңда жеңіс үшін бәріне дайынбыз - Дерек Макиннес

30.07.2015, 16:52
Біз алаңда жеңіс үшін бәріне дайынбыз - Дерек Макиннес
Біз алаңда жеңіс үшін бәріне дайынбыз - Шотландиялық "Абердин" клубының бас жаттықтырушысы Дерек Макиннес. - Мен клубқа алғыс білдіргім келеді, біз жақсы рейспен ұшып келдік. Бәріміз жақсы ұйықтадық. Құпиямды ашсам, біздің ойыншыларда арнайы күнтізбе белгіленген. Түскен кейін Алматыға келдік. Біз ыстық ауа райын байқамадық, себебі барлық уақытта қонақ үйлерде мұздатқыш бар. Алматыда шотландық уақыт бойынша жүрміз. Қарсыластарымызды жақсы тани білдік және ойынға дайындаламыз. Ойынның аты ойын, оған ыстық ауа райы сияқты факторлар әсер етуі мүмкін, бірақ біз бәріне дайынбыз. -Сіз Қайратты тани білдіңіз бе? -Бізге қарсыластарымызды тани білуге жеткілікті уақыт болды. Біз алаңда жеңіс үшін бәріне дайынбыз. -Қайраттың шабуылшысы Жерар Гоудың жарақаты ойынға қалай әсер етеді деп ойлайсыз? -Бұл жағдай олар үшін үлкен қиындық. Ол команданы бүкіл маусым бойы алға сүйреді. Менің ойымша, Қайраттың құрамындағы ойыншылар Гоудың орнын емін-еркін ауыстыра алады. -Сіздің Лига Еуропадағы мақсатыңыз қандай? -Бұл бізге үлкен тәжірибие. Біз Македонияда, Хорватияда, ал енді Қазақстанда ойнайтын боламыз. Ендігі мақсатымыз Еуропа Лигасында алға қарай жүру. -Осы жексенбі сіздердің Шотландия чемпионнаттындағы бірінші ойын өтеді. Сол ойынға екінші құраммен ойнап, Қайратпен жауапты ойынға күштеріңізді сақтайсыздар ма? -Біз барлық турнирларда жақсы ойнауға тырысамыз. Ең бастысы ертеңгі ойын. Ешқандай күш сақтамаймыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×