Жерар Гоудың орнына кім шығады? Диего Марадона! - Владимир Вайсс

30.07.2015, 16:46
Жерар Гоудың орнына кім шығады? Диего Марадона! - Владимир Вайсс
Қайраттың бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс Еуропа Лигасындағы қарсыласы Абердинге қарсы қалай ойнайтындықтарын айтты. -Біз ойынды тағатсыздана күтудеміз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Абердин- үлкен тарихы бар команда. Ол командада Алекс Фергюссоннның өзі жұмыс жасаған. Біз шотландық командаға құрметпен қараймыз. Менің ойымша, бұл ойында фаворит - жоқ. Мүмкіндік 50 де 50. -Ертеңгі ойында Жерар Гоу мен Риера ойнай ма? -Көреміз.Онсыз да қарсыластарымыз бәрін біледі. -Сонда да ертең Гоу шыға ала ма? -Мен бәрін айттым. Тағы не айтайын - құрама туралы ма? -Гоудың орнына кім шығады? -Басқа шабуылшы. -Кім? -Диего Марадона! -Гоу қонақтағы ойынға шығады ма? -Иә, үміттенемін -Абердиннің ойыны туралы не айта аласыз? -Олар ағылшындық мәнерде ойнайды. Физикалық дайындықтары өте мықты 120 пайыз. Олармен ойнау оңай емес.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×