"Қайраттың" қос жұлдызы келісім-шартты ұзартты

30.07.2015, 16:32
"Қайраттың" қос жұлдызы келісім-шартты ұзартты

Алматылық "Қайраттың" негізгі құрамында ойнайтын Жерар Гоу мен Исаэль тағы бірнеше жылға командада қалуды шешкен екен. 

Әуелі команданың жартылай қорғаушысы бразилиялық Исаэль келісім-шартты 2018-ші жылға дейін ұзартты. Одан кейін жанкүйерлер арасында "қара бала" аталып кеткен "қара құрлық" тумасы Жерар Гоу да 2017-ші жылдың желтоқсанына дейін күші бар құжатқа өз қолын қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×