Біз Титоны қалай еске аламыз?

27.04.2014, 19:42
Біз Титоны қалай еске аламыз?
Осыдан бір жыл бұрын обыр ауруы Тито Виланованы үлкен футболдан қол үздірсе, енді міне өмірімен қош айтыстырды.  Тито Виланова «Барселона» футбол академиясының түлегі екенін бірі білсе, бірі білмес. Ол футболшы мансабында 7 командада ойнаған. 2003 жылдан бастап бапкерлік жолды таңдады. Виланова мен Хосеп Гвардиоланың жолы өмірде де, еңбек жолында да бір арнада тоғысты. Виланова Пеп мырзаға «Барселонаның» екінші командасын жаттықтыруға көмектесті. Көп ұзамай «Барселонаның» негізігі командасын жаттықтырып, өміріндегі жеңіс пен жетістіктерге толы жарқын сәттірді бастан кешірді. 2012 жылы Гвардиола Барселонадан кетіп, орнына Тито бас бапкерлікке тағайындалды. Бар міндет пен жауапкершілік Титоға жүктелді. Лео Месси мен Виланованың таныстығы жастар құрамасында жүрген кезде-ақ басталған. 2011 жылдың жазында Виланова Гвардиоланың көмекшісі боп жүрген кезінде Жозе Моуриньомен қақтығысып қалған болатын. Эль-класико аяқталысымен Жозе Титоның қолын қаттырақ қысып, сұсты көзбен қараған. Кейін  Моуриньо бұл қылығы үшін кешірім сұраған, Виланова кешіріммен қараған. Қазір португалдық бапкер сол кездегі ісіне қатты өкінетін шығар. 2012 жылдың қазан айы. Обыр ауруынан бір жыл бұрын айығып, "Барсаны" жаттықтырып жүрген шағы. Аздаған ем-дом қабылдап, бір аптадан соң өз командасына қайта оралам деп жүрген кезі. 2013 жылдың қысында Виланова «Барсаны» тастап кетуге мәжбүр болды. Нью-Йоркке барып шұғыл түрде емделмекші еді. Сол уақыт аралығында бас бапкерге тек «Барселонаның» футболшылары ғана емес, бүкіл әлем қолдау білдірді. 2013 жылы көктемде Тито Виланова өз командасымен чемпион атанды. Тито Виланова және Эрик Абидаль. Біреуіне ауруды жеңу бұйырса, біреуіне бұйырмады. Маусым аяқталысымен Тито командасымен біржола қош айтысты.
2013 жылы қатерлі ауру Тито Виланованы үлкен футболдан алшақтатты... ... ал 2014 жылдың көктемінде жалған дүниемен қош айтысты...   Тито небәрі 45 жаста болатын. Ол армандаған жетістіктерінің көпшілігіне қол жеткізді. Оның жарқын бейнесі футбол жанкүйерлерінің мәңгі жадында.     Абылайхан ЖҰМАШ  
           
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×