Ел-классика. "Ақтөбе" "Астананы" ұтты

28.04.2014, 01:04
Ел-классика. "Ақтөбе" "Астананы" ұтты

Қазақстан біріншілігінің ел-классикасына бағаланған Астана - Ақтөбе арасындағы ойын өте тартысты өтті. 4-минутта Игорь Зенькович ерте гол соғып, есепті ашты. Одан кейін іле-шала Кетевоама гол соғып таразы басын теңестірді. Бірінші тайм аяқтала берген тұста Марат Хайруллин "Ақтөбені" алға шығарды. Осы есеп ойын соңына дейін сақталып қалды. Бірақ, астаналықтар есепті қайта теңестіретін бірнеше мүмкіндіктерін мүлт жіберді. Әсіресе, Роджер Каньястың 40 метрден жасаған соққысы маңдайшаны қақыратты. Футболшылар бір-бірін аямады. Қақтығыстар көп орын алып, әл-қуаттарын сарп етті. Ел-классикада ақтөбеліктер басым түсті. Есеп 1-2.

Ал жалпы турда 3 ойын 1-0, 3 ойын 2-1 есебімен аяқталды. 2-1-дің біреуі сырт алаңда тіркелді. «Тобыл» — «Тараз» 1:0 (0:0) Гол: Богданов 51 (1:0)
«Ордабасы» — «Спартак» 2:1 (1:0) Голдар: Мвесигва 44 (1:0), Чович 65 (1:1), Мвесигва 73 (2:1).
«Қайрат» — «Ертіс» 2:1 (2:0) Голдар: Қуантаев 40 (1:0), Дарабаев 43 (2:0), Говедарица 88 (2:1).

Турнирлік кесте

 

М  Клуб О Ұ Т Ұ Доптар Ұпай
1  АҚТӨБЕ 8 5 2 1 12-3 17
2  АСТАНА 8 5 2 1 9-5 17
3  ШАХТЕР 8 5 1 2 14-6 16
4  ЖЕТІСУ 8 3 3 2 6-4 12
5  ОРДАБАСЫ 8 4 0 4 8-8 12
6  АТЫРАУ 8 3 3 2 7-7 12
7  ҚАЙРАТ 8 3 2 3 8-7 11
8  ҚАЙСАР 8 3 2 3 7-8 11
9  ТОБОЛ 8 2 3 3 6-10 9
10  ЕРТІС 8 2 2 4 9-11 8
11  ТАРАЗ 8 1 2 5 7-15 5
12  СПАРТАК 8 0 2 6 4-13 2
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×