Боливия мен Аргентина құрамалары арасындағы матч жанжалға ұласты

14.10.2020, 16:27
Аталған қақтығыс Лионель Мессидің қатысуымен өтті.
Боливия мен Аргентина құрамалары арасындағы матч жанжалға ұласты

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің 2-туры матчында Боливия құрамасы өз алаңында Аргентина құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу Ла-Паста "Эрнандо Силес" стадионында өтті.

Матчтан кейін Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Мессидің қатысуымен командалар арасында жанжал туындады. Қазіргі уақытта қақтығыстың басталу себептері анықталмады.


Еске салайық, есеп бірінші таймның ортасында ашылған болатын - 24-минутта Марсело Морено Боливияны алға шығарды. Аргентина құрамасы 45-минутта Лаутаро Мартинестің голының арқасында таразы басын теңестірді. Жеңіс голын 79-минутта Хоакин Корреа Мартинестің пасынан кейін соқты.

Аргентина алты ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға тұрақтады. Боливия (0 ұпай) - оныншы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×