Болжам-бұрыш. МЮ жеңілмейді

26.04.2011, 22:06
Болжам-бұрыш. МЮ жеңілмейді

26-шы сәуір. УЕФА Чемпиондар Лигасы. 1/2 финал. Бірінші матч. Шальке-04 - Манчестер Юн

Шальке қорғаушыларының бірі Ханс Сарпейдің сөзіне қарағанда, неміс клубы Англиядан қонаққа келетін Манчестер Юнайтедке жеңісті оңайшылықпен берейін деп тұрған жоқ. Немістер ширек финалда миландық Интерді жеңгеннен кейін, олар енді кез-келген қарсыласты тізе бүктіретіндеріне сенеді.

Сарпей мен Шальке клубының ойынша оларға ең басты қауіп төндіретін «қызыл шайтандардың» бас мергені Уэйн Руни болады. Себебі маусымның соңына қарай Руни өз бабына келді. Манкуниандық шабуылшыны бақылауға алып, Шальке Манчестерліктерді өз мәнерінде ойнауын болдырмауға тырысады. Сөзсіз, бұл мәлімдемені Алекс Фергюсон командасы ескеріп, бұған жауап ретінде не жеңіспен, не көп голдармен жауап береді. Өз жағынан Шальке осы матчқа қатты дайындалуда. Бундеслигада Кайзерслаутернмен болған соңғы ойында, Шальке бірінші жартыдан кейін жартылай қорғаушы Пляцикас пен перулік шабуылшы Фарфанды ауыстырып, Кайзерслаутернге есе жіберіп қойды. Әрине, бұл тактикалық әрекеттің мағынасы түсінікті.

[caption id="" align="alignright" width="256" caption="Бербатов алаңға шықпайды"][/caption] Шалькенің бас бапкері Регник, Манчестерге қарсы ойын қарсаңында маңызды команда ойыншыларының демалыс алғанын қалап отыр. Гельзенкирхендықтардың миландық Интерді 5:2 есебімен ойсырта жеңгенінен кейін бұл командаға алаңдаушылықпен қарау керек. Соңғы кезде жасындай жарқылдаған «Қызыл Шайтандардың» қақпашысы Едвин Ван Дер Сарға абай болу керек, себебі Шальке құрамында ертең алаңға Чемпиондар Лигасы тарихындағы ең үздік мерген Рауль Гонзалес шығады. Дегенмен, Манчестер қорғауашылары Шальке қорғаушыларымен салыстырғанда әлдеқайда тұрақты ойнайды, сол себепті ойын нәтижелі болмайды – «Екі таймда гол болады: жоқ - 1.8» коэффицентімен. Ал енді, екі команданың деңгейі мен тәжірибесін салыстыратын болсақ, бұл жерде Манчестер сөзсіз басым түсіп тұр. Осыны ескерсек, манкуниандықтар таза жеңіске қол жеткізе алады. Әдеттегідей тәуекелге бел буып, мына бәсті қояйық - «Есептің көп түрі:Есеп 0:1, 0:2 немесе 0:3 - 3.3» коэффицентімен.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×