Тобыл" футбол клубы жаңа серіктес тапты

27.04.2011, 18:51
Тобыл" футбол клубы жаңа серіктес тапты

Бүгін Қостанайда "Тобыл" футбол клубы мен "GSM Қазақстан/Kcell" компаниясы арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеге қарағанда ұялы байланыс операторы футбол клубына 2011 жылғы футбол маусымында қаржылай қолдау түрінде демеушілік көмек көрсетпек. Олар биылғы жылы ҚР Теннис федерациясына да демеуші болды. Сондай-ақ 7 жылдан бері «Спешл Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің Бас демеушісі болып, спортшылардың түрлі спорт турнирлеріне қатысуына қолдау жасап келе жатыр. Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы 1957 жылы құрылған болатын. 1995 жылға дейін «Автомобилист» (1967 - 1970), «Энергетик» (1982 - 1989), «Кустанаец» (1990 - 1991), «Химик» (1992 - 1994) деген атпен өнер көрсетті. Олар Қазақстан чемпионатында 2010 жылы чемпион, 2003, 2005,2007, 2008 жылдарда күміс, ал 2002, 2004, 2006 жылдары қола жүлдегер болды. Сонымен қатар 2007 жыл Қазақстан кубогының иегері және Интертото кубогының жеңімпазы атанған болатын.

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×