"Кристал Пэлас" - "Бернли"
Бұл командалар 10 және 11 орындарда тұр. Турнирлік кестедегі көршілер. Ұпайлары да бірдей - 42. Демек, бұл 6 ұпайға талас матчы десек те болады. Жеңген команда қарсыласын 3 ұпайға артта қалдырады. Екеуі де гол соққыш командалар. Шабуылдары жаман емес. "Кристал" өткен турда "Ливерпульге" оңбай жеңілді. Ал "Бернли" "Уотфордты" 1:0 жеңді. Бұл команданың қақпашысы Ник Поуп өте мықты өнер көрсетіп жүр. "Кристал" сапында Бентеке, Заа секілді мықты ойыншылар жоқ. Сондықтан да, қорғанысы мығым "Бернли" жеңілмейді деп бәс тіксек те болады. Бірақ, мен бұл ойынға бұрыштамалар дегенді алдым. Статистикаға жүгінгеніміз де жөн шығар. "Фонбет" букмекерлік кеңсесі осы ойында 9,5 тен көп бұрыштама болады дегенге 1,57 коэфицент беріп отыр. Алуға болады деп ойлаймын.
"Хетафе" - "Реал" Сосьедад
Бұл екеуі де турнирлік кестеде көрші тұр. "Хетафе" 6 орында және Сосьедад қаласының командасынан 2 ұпай озып кеткен. Демек, еурокубокке таласып жатқан қос ұжым десек болады. "Хетафе" бастапқыда Чемпиондар лигасына жолдама алуды мақсат тұтқан. Әлі де мүмкіндігі бар, негізі. Бірақ, "Севилья" дес берер емес.
"Реал" Сосьедадтың гол соғуы қиын процес. Бір-біріне ұзақ пас беріп тұрып алады. Ойындары сүреңсіз. Янұзай мен Эдегордың шамасы жетпей жүр. Ал Порту мен Вильян Хосе соңғы кездері мүлде белсеніп жүрген жоқ. Өз алаңында "Сельтаға" жеңілген соң қоя қой дедік. Оның алдында "Реал" Мадридке де жеңілген. Жалпы бұл команда карантин аяқталғалы бері жеңіске жетпеген. Ал "Хетафе" болса ойнаған ойынында гол салады, әйтеуір. Жеңіліп қалса да, голсыз кетпейді. Молина мен Мата екеуі жақсы шабуылдайды. Сондықтан да, "Хетфе" гол салады (Фонбетте 1,37 кэф) дегенді таңдадым. Ал жеңісі 2,50. Жеңісі ауыр болады десеңіздер "Хетафе" Фора (0) 1,67 кэф те жаман емес. Ал осы матчтың бұрыштамасы 7,5 тен көп болады десеңіздер оған Фонбет 1,40 кэф беріп тұр. Тамаша емес пе? Алу керек.
Бүгінгі матчтарымыз осы ғана. Ертең де ойындар соншалықты көп емес. Ары қарай Италия басталып, бәс тігетін ойындарымыз да көбейе жатар. Қадірменді достар, пікір жазуды ұмытпаңыздар.
Біздің серіктес: FONBET