«Менің көңіл-күйім керемет. Мен үлкен клубқа келіп, үлкен сынаққа бас тіккенімді де білемін. Әр ойыншының арманы әлемнің үздік клубтарында ойнау. «Қалалықтар» қатарына қосылғаныма дән ризамын. Өзімнің қобалжуымды да жасырмаймын, бірақ, бұл – фантастика. Мен мұнда Чемпиондар лигасын жеңуге келдім» - деп «Манчестер Сити» сайтына сұхбат берген.
Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы сұхбатында Бони «Манчестер Сити» командасында ойнауды 15 жыл армандағанмын деп ағынан жарылған болатын. Ал 15 жыл бұрын «қалалықтар» Англияның 3-лигасында өнер көрсеткен болатын...
Ерқанат САҒАДИН