«Бораттан Рауанға дейін» (Бразилия басылымдары Рауан туралы не жазып жатыр?)

04.10.2011, 21:08
«Бораттан Рауанға дейін» (Бразилия басылымдары Рауан туралы не жазып жатыр?)

Бразилиялық «Globe» телевизиясы Рауан туралы«Бораттан Рауанға дейін» деп ақпарат жариялаған екен. Онда: «Атлетико Минейро» осы жылы құрамын күшейту үшін сәтті қадамдар жасады. Клуб президенті Алешандре Калил мен директоры Эдуардо Малуф тәжірибелі әрі талантты ойыншыларды команда сапына шақыруда. Мысалы, Ришарлисон, Гильерме, Дуду, Патрик, Леонардо Силва, Торо, Каио және Андре сынды ойыншылар «Қораздар» сапын толықтырды. Солардың ішінде жанкүйерлерге таныс емес дарынды жас ойыншы да бар. Ол – клубтың жастар құрамасына келген 17 жасар Рауан Сариев. Шыны керек, Саша Барон Коэннің персонажы Бораттан кейін Бразилияда қазақтарға мұншалықты қызығушылық болмаған еді. Енді Еуропа мен Азияның арасын жалғап жатқан Қазақстанда дүниеге келген шабуылшы туралы мағлұмат бере кетсек. Осылай ақпарат берген «Globe» телевизиясы репортаждарын арман қарай былай жалғастырыпты: «Рауан – «Атлетико Минейро» сапына бір ай бұрын қосылған. Ол екі ел арасында болған келісімшарттың нәтижесінде Бразилияда үш жылдан бері жаттығып жүр». Арнайы бағдарламада бапкер Диего Гиакоминидің де пікірін де жариялаған: «Мен Рауанның бойынан қайталанбас дарынды байқадым. Ол шабуылды өте жақсы аяқтайды. Осы тұсы бізге қатты ұнады. Рауан екі аяғымен де нық тебе алады. Ол футболдың әліпбиін жақсы меңгерген талантты футболшы. Болашақта оның техникалық мүмкіндіктерін өсіруге тиістіміз». Диего Гиакомини «universida de do Futebol» газетіне берген сұхбатында да Рауанның өте талантты ойыншы екенін айта кетіпті. Ал Рауанның өзі болса: «Атлетико» сапына ауысқаныма өте қуаныштымын. Бұл жаққа келместен бұрын Сан-Паулода доп тептім. Ең бастысы жаңа командада тез төселе алдым. Алдағы уақытта шабуыл-шы деген атыма сай, өнер көрсетуге дайындаламын», − дейді португал тілінде. Бразилиядағы келесі бір танымал спорт газеті «Supere Sportes» мынадай ақпарат таратыпты: «Атлетико Минейро» базасы биыл интернационал бола бастады. Оңтүстіктегі Паулистаға сапардан кейін «Оле Бразил клаб» академиясынан шабуылшы Рауан Сариев команда сапына енді. Андре Фигейреду сөзіне сенсек Рауан бір ай бойы «Қораздар» сапында тексеруден өтіпті».

«Нұр Астана»
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×