Боруссия Д: «Ройс кез келген уақытта клубтан кете алады»

14.11.2013, 21:44
Боруссия Д: «Ройс кез келген уақытта клубтан кете алады»

Дортмундық клубтың жетекші ойыншылардың бірі Марко Ройс келісімшартына байланысты кез келген уақытта клубтан кете алады.
«Марко Ройстың келісімшартында, егер белгіленген бір сомада ақша төленсе, ол сол аталған командаға ауыса алады. Сол себепті Ройс кез келген уақытта клубтан кетуі мүмкін. Айта кетсек, командамызда тек қана Ройстың келісімшартында ғана сондай нұсқаулар бар», - дейді «Боруссияның» бас директоры Ханс-Йоахим Ватцке. Естереңізге сала кетсек, қазіргі таңда Ройстың келісімшарты 2017 жылға дейін созылған. Ал сол келісімшарттағы өтеуін төлеп алу 39 миллион еуроны құрайды.
Түпнұсқасы: www.prosportkz.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×