«Боруссия Дортмунд» Эрлинг Холандтың орнына жаңа шабуылшы сатып алды

11.05.2022, 14:06
Футболшы бес жылдық келісім-шартқа қол қойды.
«Боруссия Дортмунд» Эрлинг Холандтың орнына жаңа шабуылшы сатып алды

«Ред Булл Зальцбург» шабуылшысы Карим Адейеми «Боруссия Дортмунд» клубына ауысты.

Кеше, 10 мамырда 20 жастағы футболшы Дортмундта медициналық тексерістен өтіп, клубпен бес жылдық келісім-шартқа отырды.

«Мені бала кезімнен Дортмунд клубының көрсететін қарқынды футболы қызықтырды. «Боруссияның» қызығушылық танытқанын білген бойда бірден осы командаға ауысқым келді. Мен әдейі клубпен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырдым, өйткені осындай керемет командада жүріп, жанкүйерлердің қолдауымен трофейлер жеңіп алатынымызға сенімдімін», - деді Адейеми.

Адейеми осы маусымда «Ред Булл Зальцбург» жейдесінде 41 ойынға қатысып, 23 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×