«Барселона» қорғаушысы матч кезінде есінен танып қалды

11.05.2022, 14:51
Футболшы командаласымен соғысып, есінен танып қалды.
«Барселона» қорғаушысы матч кезінде есінен танып қалды

«Барселонаның» қорғаушысы Рональд Араухо Ла Лиганың 36-турында «Сельтамен» болған ойында жарақат алды.

Кездесудің екінші жартысында Араухо командаласы Гавимен соқтығысты. Футболшы есінен танып, жедел жәрдем көлігі арқылы ауруханаға жеткізілді. Каталондық клубтың баспасөз қызметі футболшының миы шайқалғанын хабарлады.

Матч 3:1 есебімен «Барселонаның» пайдасына аяқталды. Каталондық клуб сапында Мемфис Депай мен Пьер-Эмерик Обамеянг (дубль) гол соқты.

Еске салайық, Араухо «Барселона» сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда 23 жастағы уругвайлық қорғаушы Испания чемпионатында 28 матчқа қатысып, 4 гол соқты. 2020 жылдан бастап Араухо Уругвай құрамасына шақыртылып жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×