Премьер-лиганың сәуір айындағы үздік бапкері анықталды

11.05.2022, 18:05
Шымкенттік команда сәуір айындағы төрт ойында да жеңілмеді.
Премьер-лиганың сәуір айындағы үздік бапкері анықталды

Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы сәуір айындағы үздік бапкерді анықтау үшін сауалнама жүргізді.

Премьер-лигадағы он төрт команданың бас бапкері қатысқан сауалнамада ең көп дауысты «Ордабасы» командасының бас бапкері Александр Седнев иеленді (6 ұпай). Оның жетекшілігімен шымкенттік команда сәуір айында 3 рет жеңіске жетіп, 1 кездесуді тең аяқтады.


Сауалнамада екінші орынды «Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев алса, үздік үштікті «Каспийдің» жаттықтырушысы Николай Костов түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×