Бауыржан Байтана Премьер-лиганың сәуір айындағы үздік ойыншысы атанды

11.05.2022, 19:14
Сәуір айында өткен бес ойында Бауыржан 1 гол соғып, 4 нәтижелі пастың авторы атанды.
Бауыржан Байтана Премьер-лиганың сәуір айындағы үздік ойыншысы атанды

ҚКФЛ өткізген сауалнаманың қорытындысы бойынша «Тараздың» жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана Қазақстанның өткен айдағы үздік ойыншысы атанды. Сәуір айында өткен бес ойында Бауыржан 1 гол соғып, 4 нәтижелі пастың авторы атанды. Өзінің пайдалы ойынымен ол «Таразға» турнирлік кестеде көш бастаған командалардың қатарына кіруге мүмкіндік берді.

Екінші орынды сәуірде «Қайрат», «Қызыл-Жар СК» және «Тобыл» клубтарының қақпасына 5 гол соққан «Ордабасы» шабуылшысы Серж Ньюадзи иеленді.

Үздік үштікті «Атыраудың» шабуылшысы Андрия Филипович түйіндеді. Сәуірде хорватиялық футболшы үш мәрте мергендігімен көзге түсті, оның ішінде «Тобыл» мен «Тараз» қақпаларына жеңісті голдарды тоғытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×