Габриэль Жезус «Манчестер Ситиден» кетеді

12.05.2022, 02:09
Бразилиялық шабуылшы Холандтың көлеңкесінде қалғысы келмейді.
Габриэль Жезус «Манчестер Ситиден» кетеді

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Габриэль Жезустың жазда «Арсеналға» ауысуы мүмкін. Бұл туралы оның агенті Марсело Петтинати мәлімдеді.

«Біз «Арсеналмен» Габриэль Жезустың трансферіне қатысты келіссөздер жүргіздік, бізге бұл клубтың жобасы ұнайды. Габриэльге тағы алты клуб қызығушылық танытып отыр. Ол қазір бар назарын «Манчестер Ситидегі» соңғы ойындарына аударғысы келеді», - деді Петтинати.

«Манчестер Сити» өз кезегінде дортмундтық «Боруссиядан» Эрлинг Холандты сатып алған соң бразилиялық шабуылшыны жіберуге дайын.

Габриэль Жезус осы маусымда «Сити» үшін 39 ойынға қатысып, 13 гол соқты, 12 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×