«Бавария» «Аякс» қорғаушысын қатарға қосты

12.05.2022, 02:25
Футболшы ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойды.
«Бавария» «Аякс» қорғаушысын қатарға қосты

«Аякс» қорғаушысы Нуссаир Мазрауи еркін агент ретінде «Баварияға» ауысты. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Дереккөздің ақпаратына сенсек, марокколық футболшы медициналық тексерістен өтіп, мюнхендік командамен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырған. Наурыз айының соңында «Баварияның» жаттықтырушысы Юлиан Нагельсманн мен спорт директоры Оливер Кан «Барселонаға» ауысайын деп тұрған Нуссайрды бұл ойынан айнытты.

24 жастағы Мазрауи осы маусымда барлық жарыстарда 33 ойынға қатысып, бес гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды. Мазрауи - «Аякс» академиясының түлегі. Ойыншының нарықтық құны 20 миллион еуроға бағалануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×