«Ливерпуль» Шотландияның ең үздік жас ойыншысымен келіссөз жүргізуде

12.05.2022, 02:49
Трансфер құны 3 миллион еуроға бағалануда.
«Ливерпуль» Шотландияның ең үздік жас ойыншысымен келіссөз жүргізуде

«Абердиннің» қорғаушысы Кэлвин Рэмси мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастырады, деп хабарлайды белгілі инсейдер Фабрицио Романо.

«Ливерпуль» шотландиялық футболшымен келіссөздер жүргізуде және оны Трент Александр-Арнольдтың орнына жақсы нұсқа ретінде қарастыруда.

«Абердин» 18 жастағы футболшы үшін 3 миллион фунт стерлинг алғысы келеді. Қыста Рэмсиді «Болонья» өз қатарына қосқысы келді. Италиялық команда ойыншыны 3,3 миллион фунт стерлингке сатып алу құқығымен жалға алғысы келді, бірақ «Абердин» бұл ұсыныстан бас тартты.

Рэмси Шотландия футбол журналистерінің нұсқасы бойынша осы маусымның ең үздік жас ойыншысы атанды. Ол «Абердин» үшін 22 матч өткізіп, 1 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.

Кэлвин осы жылы Шотландияның жастар құрамасында дебют жасады. Сондай-ақ наурыз айында Қазақстан (U-21) құрамасымен (2:2) болған ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×