«Боруссия Дортмунд» УЕФА-ға «Зенит» клубының үстінен шағым түсірді

30.10.2020, 16:58
«Зенит» Ресейден жанкүйерлер әкелген секілді.
«Боруссия Дортмунд» УЕФА-ға «Зенит» клубының үстінен шағым түсірді

Дортмундтық "Боруссия" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2-туры матчының нәтижелері бойынша УЕФА-ға "Зениттің" үстінен шағым түсірмекші, деп хабарлайды NRZ.

Неміс клубы көрерменсіз өткен матчта "Зениттің" жанкүйерлері болды деп санайды. Желіде жарияланған фотосуреттердің бірінде "Music Hall St. Petersburg on tour" деген жазуы бар жейде киген ер адам байқалған. Бұл адам баспасөз қызметкерлері орналасқан жерде тұрған. Music Hall - "Зенит" жанкүйерлерінің танымал тобы.

"Боруссия" клубы "Зенитті" бірнеше жанкүйер әкелгені үшін ережені бұзды деп санайды. Қазір тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Неміс клубы Чемпиондар лигасының матчтарында аккредитация болды деген себеппен УЕФА-ға сұраныс жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×