Боян «Барселонадан» кетті

26.07.2011, 20:09
Боян «Барселонадан» кетті
Боян Кркичке қатысты «Барселона» мен «Рома» арасындағы келіссөздер аяқталды. Каталондық клубтың ресми сайтында Боянның италяндық команда сапына ауысқаны мәлім болды. Трансфер құны 12млн.еуроны құрады.Алайда келісімшартта испандық клубтың екі жылдан соң өз түлегін 13млн.еуроға қайта сатып ала алатындығы көрсетілген.Егер «Рома» бұл келісімді бұзған жағдайда «Барселона» есепшотына 28млн.еуро төлейтіндігі тайға таңба басқандай жазылып тұр. Сонымен Испания құрамасында Раульдың орнын басады деген, «Барселона» қатарында кез келген жағдайда Мессиді жоқтатпайды делінген Боян Киркич бала күннен бері тәрбие алған ең сүйікті клубы сапынан кетті. Қайтып келу үшін кетті. Боян «Ромаға» жалғыз кеткен жоқ. Естеріңізде болса бұдан бұрынырақ «Барса Б» бапкері Луис Энрике италияндық клубтың тізгінін ұстаған.Ойын тәжірибесінің жоқтығынан соңғы өткен Еуропа біріншілігінде Испанияның жастар құрамасындағы негізгі орнынан қағылған Кркич үшін дәл қазір клуб ауыстырған ең ұтымды шешім деп білеміз.Боянның тағдыры да «Барселона» түлектері Пике мен Сеск Фабрегестің жүріп өткен жолын қайталауы әбден мүмкін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×