Сао-Пауло қаласында өткен іріктеу ойынында Бразилия құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына ресми түрде жолдама алды. Бұл жеңіс Тталиялық маман Карло Анчелоттидің ұлттық құрама тізгінін ұстағаннан бергі алғашқы жеңісі.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды Винисиус Жуниор 44-минутта соқты.
Осы жеңістен кейін Бразилия құрамасы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін Әлем чемпионатына CONMEBOL аймағынан тікелей жолдама алатын алты команданың біріатанды.
Ойыннан соң бас бапкер Карло Анчелотти журналистерге берген сұхбатында:
“Бұл — менің ұлттық құрамамен алғашқы жеңісім. Бірақ бұл тек бастамасы ғана. Біз әлі де дамуымыз керек. Бұл жеңіс — жанкүйерлер мен ел үшін, әрі ойыншылардың қажырлы еңбегінің жемісі,” — деп мәлімдеді.