ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ үздік ойыншысы болуы мүмкін Арьен Роббен. Даңқты шабуылшы Патрик Клюйверт. Келер чемпионатта жарқылдауы мүмкін Оскар, Бразилия сапындағы ең ақылды ойын ойнайтын Луис Густаво. Мен үшін маңызды фото ол Патрик Клюверт болып тұр. Клюйверт 2000 жылы Еурода бір ойында 5 гол соққан кезде мен Тараз қаласының шетіндегі Түрксіб ауылындағы Макаренко атындағы орта мектепте 3-сынып оқитынмын. Енді қазір қасында тұрып суретке түсудемін. Кеше Клюйвертті көріп балалық шағым есіме түсті. Ескі мектеп, сынғалы тұрған парталар, 3 мың адам тұратын кішігірім ауыл. Үйдегі терезесі газетпен жабылған телевизор-там(там - оңтүстік аудандарда бөлме дегенді білдіреді).