Бразилия оғланы Роналдиньо

10.01.2011, 21:04
Бразилия оғланы Роналдиньо
227572
Рона́лдо де Асси́с Море́йра (бізге ол Роналди́ньо деген есімі бойынша танымал). Роналди́ньо 1980 жылы 21-ші наурызда Порту-Алегри қаласында дүниеге келді. Отбасындағы үшінші бала. Әкесі Жуан да Силва Морейра «Гремио» клубының күзетшісі болған, ал анасы Дона Мигуэлина сатушы қызметін атқарған. Роналдиньо 7 жасқа тола салысымен «Ланжендонк» футбол мектебіне оқуға түседі. Дәл сол уақытта ол ең кішкентай және ең жас ойыншы болғандықтан оған Роналдиньо( яғни кішкентай Роналдо) деген есімді достары қояды. 1988 жылы ол «Гремио» клубынның ойыншысы болып қабылданады. Сол жылы Ронлдиньоның әкесі көз жұмады, бүкіл отбасы Роналдиньоның ағасына (Роберто де Ассиске) аманат болып қалған еді. 1991 жылы футболшы «Белу-Оризонти» клубында ойнай бастады. Роналдиньо үлкен футболмен ғана емес оған қоса мини-футболмен және пляжды футболмен айналысқан. 1993 жылы Роналдиньо жергілікті командаға 23 гол соғып, сол туралы Бразиялық БАҚ бірінші рет жазған еді. 1995 жыл Роналдиньо қайтадан «Гремио» клубына көшеді. 1997 жылы сол клубпен келісім шартқа қол қойып, сол жылы ол U-17 әлем чемпионатында 2 голды пенальтидан салған еді. 2 жылдан кейін ол өзінің ең бірінші жауапты турнирында (Риу-Гранди-ду-Сул штатында откен чимпионат) жеңіске жетеді. 14 ойында ол 15 голдың авторы атанды. 2001 жылы оған көптеген клубтын скауттары көз салады («Арсенал», шотландық «Сент-Миррен», «Лидс Юнайтед», «Пари Сен-Жермен» және т.б.). 2001 жылдың 17-ші қаңтарында ол «Пари Сен-Жермен» клубымен 5 жылдық келісім шартқа келіседі («Пари Сен-Жермен» Роналдиньоның өнерін тамашалау үшін 5,1 млн евро жұмсаған). Бастапқы жылы «Пари Сен-Жермен» жоғарғы дәрежеде ойнамаса да өз лигасында 4-ші орынды иемденген. 2002 жылғы әлем чемпионатында жеңіспен қайтқан соң Роналдиньо «Пари Сен-Жермен» клубынан кететіндігін мәлімдейді.

ac14982720cfb778a3b06275cc3755f1-cmdk2

Осы хабарды естіген Франк Райкаард (сол уақыттағы «Барселона» клубының бас бапкері) және сэр Алекс Фергюсон («Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкері) футболшыға қызығушылық танытты. “Барселона” 2003 жылдын 19-шы маусымында Роналдиньоны 32,250 млн евроға сатып алған. Бірінші сезонда 45 ойында 22 гол соғады, мезгілдің аяғында ол үздік шетелдік ойыншы болып атанды. 2004-ші жылғы ФИФАның үздік әлем ойыншысы атағын алды. Сол жылы «Алтын доп» сыйлығы жарысында 3-ші орында боп қалды (2-ші орынды Деку, ал «Алтын доп» иегері Андрей Шевченко атанды). 2004\2005 мезгілінде оның командасы өз лигасының чемпионы болады, бірақ чемпиондар лигасында 1\8-ден ары қарай өтпей қалады. Оған қарамастан ол ФИФПРО-ның үздік ойыншысы, «Алтын доп» иегері, 2-ші рет қатарынан ФИФАның үздік әлем ойыншысы атақтарын алады. 2005\2006 мезгілінде Барселона Чемпиондар лигасында жеңіске жетеді. Өз лигасының чемпионы болады. Осы үшін Роналдиньо Чемпиондар лигасының «үздік ойыншысы» атанды. 2006\2007 мезгілінде тактикалық тізбек өзгергеніне байланысты Роналдиньоның ойын денгейі төмендей бастады. 2007\2008 мезгіл Роналдиньоның сәтсіздіктерінің басы еді. Көптеген жарақаттармен, бапкердің және «Барселона» фанаттарының сенімін ақтай алмағандықтан оны сатылуға дайын тұрған ойыншылардың тізіміне енгізеді. 2008 жылдың 15-ші маусымында «Милан» клубы «Барселонаға» 21 млн евро берген еді. «Миланда» өзін көрсете білмеді, көбінесе ол уақытын түнгі клубтарда өткізеді. 36 кездесуде бар-жоғы 10 доп соғады. Келесі маусымда (2009\2010) оған сәтсіздіктер алып келді. ronaldinio5 Күннен күнге бас бапкер оны сыйлаудан қала берді. Бразилияның бас бапкері (Дунга) бұл ойыншыны әлем чемпионатына алудан бас тартты. Қазіргі кезде Милан клубы оны «Фламенго» клубына сату туралы шартты реттеп жатыр. Бұл келісімнің құны сол күйі құпияда .

Шыңғыс Нұрғазы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×