“Тараз” “Интерге” есе жіберді

10.01.2011, 21:01
“Тараз” “Интерге” есе жіберді
ФК_Тараз

«Тараз» футбол клубы келер маусымға дайындықтарын пысықтау мақсатында Әзербайжанның «Интерімен» жолдастық кездесу өткізді.

Ойын алғашқы минуттардан бастап тартысты өтті. Әзербайжан чемпиондары допты ала салысымен «Тараз» қақпасына қауіп төндірумен болды. Десекте бірінші тайм аяқталуына санаулы минут қалғанда Ұлан Қонысбаев айып добын орындау мүмкіндігіне ие болды. Қонысбаевтың шірене тепкен соққысын «Интер» қақпашысы қайтарған, десекте артынша Недашковский қарымта соққы бағыттап, «Таразды» алға шығарған болатын. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмапты. Екінші кезеңде өз қақпаларына екі доп жіберген «Тараз» 1:2 есебімен ұтылуға мәжбүр болды.

Шыңғыс Нұрғазы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×