Бразилиялық Гоушо кубогы аясындағы «Гремио» мен «Кашиас» матчында ерекше голдардың бірі соғылды.
Есеп бірінші тайм аяқталар тұста ашылды. Алаң иелерінің 33-жастағы жартылай қорғаушысы Дуглас бұрыштама допты орындау барысында бірден қақпаны нысанаға алған секілді. Мұндай құйтырғы соққыны күтпеген қақпашы допты өз иелігінен алып шығуға мәжбүр болды. Ал кездесу 3:1 есебімен «Гремионың» пайдасына шешілді.