Кака дебюттік ойынында гол соқты

09.03.2015, 16:03
Кака дебюттік ойынында гол соқты
Бразилиялық жартылай қорғаушы Кака MLS-тегі «Орландо Сити» сапындағы алғашқы ойынында гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Екінші таймға қосылған қосымша уақытта Кака айып добын орындады. Атақты футболшының соққысынан кейін доп «Нью-Йорк Сити» қорғаушыларының біріне тиіп, бағытын өзгертті де, қақпаға кіріп кетті. Айта кетейік, «Нью-Йорк Сити» сапында испаниялық шабуылшы Давид Вилья алғашқы кездесуін өткізді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×