Златан Ибрагимович: «Моуриньомен жұмыс жасау – үлкен тәжірибе»

09.03.2015, 15:52
Златан Ибрагимович: «Моуриньомен жұмыс жасау – үлкен тәжірибе»
«Челси» мен «ПСЖ» арасындағы Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіндегі қарымта матчтың алдында Златан Ибрагимович лондондықтардың бас бапкері Жозе Моуриньо туралы пікірін айтты. «Жоземен жұмыс жасау – үлкен тәжірибе. Біз «Интерде» бір ғана жыл жұмыс жасадық. Арамыздағы қатынас керемет болатын, онымен бір ғана маусым жұмыс жасағаным өкінішті», - деді Ибрагимович. Естеріңізге сала кетсек, Ибрагимович пен Моуриньо «Интерде» 2008-09 жылғы маусымда бірге жұмыс жасаған болатын. Сол кезде швециялық шабуылшы 25 гол соғып, А сериясының үздік бомбардирі атанды.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×