Тағы да Месси, тағы да рекорд

09.03.2015, 06:03
Тағы да Месси, тағы да рекорд

 Испания чемпионаты аясындағы «Райо Вальеканоға» қарсы кездесуде хет-трик жасаған аргентиналық сұрмерген, тағы да бір рекордты жаңартты. Бұл жолы Месси Испания клубтарында ойнайтын ойыншылар арасындағы ең көп хет-трик жасағандардың көшін бастады.

Месси барлық турнирлерде 32 хет-трик жасап,  «Атлетик» клубының аңызға айналған тұлғасы Тельмо Саррадан (31) озды. Үшінші орында, «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Альфредо Ди Стефано (28). Естеріңізге сала кетейік, Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдуда 27 хет-трик.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×