Англиялық бапкер алаңға шығып, командасына жеңіс сыйлады (Видео)
09.03.2015, 00:34
Өз ойыншыларына қалай ойнау керектігін көрсету үшін бапкерге не істеу қажет? Әрине, ойыншы ретінде алаңға шығу керек. Англиялық «Грэйс Атлетик» клубының бас бапкері Марк Бэнтлидің пікірі осындай.
«Грэйс Атлетик» - Англияның 14-ші дивизионында ойнайтын команда. «Хэмптон және Ричмонд Боро» клубына қарсы кездесуде Бэнтли шәкірттері 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Осы тұста командасына көмектесу үшін 37 жастағы бапкердің өзі алаңға шығуды жөн деп шешеді. Шешімі бекер емес екен. Марк алдымен таразы басын теңестіріп тастайды. Кейін жарақат алған қақпашысының орнына тұрып, пенальтиді кері қайтарады. Бапкерінің мұндай ойынынан шабыт алған «Грэйс Атлетик» ойыншылары 3:2 есебімен жеңіске жетті. Үлгі болу деген – осы!
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a