Бразилиялықтар 2014 жылғы Әлем чемпионатын өткізбеуді талап етуде

17.06.2013, 16:08
Бразилиялықтар 2014 жылғы Әлем чемпионатын өткізбеуді талап етуде

 Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен наразылық шарасының соңы полициямен қақтығысқа ұласты.  

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 3 мыңға жуық адам «Маракана» стадионының жанына жиналып, Үкіметтен 2014 жылы осы елде футболдан Әлем чемпионатын өткізбеуді талап етті. Ереуілшілер дүниежүзілік сайыстың дайындығына жұмсалған 15 миллиард АҚШ долларына қатысты көшеге шыққан. Олар мұндай қаржыны әлеуметтік бағдарламаларға бағыттауды талап етуде. Наразы топты тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ шашып, резеңке оқ атты. Осының алдында, Бразилия қаласының Манэ Гарринчи ұлттық стадионындағы шерушілерді тарату үшін де тәртіп сақшылары күш қолданған болатын. Салдарынан 33 адам жарақат алып, 20 қатысушы қамауға алынды.

24kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×