Бүгін қарымта кездесулер

11.03.2014, 16:03
Бүгін қарымта кездесулер
425937-2500x1409Чемпиондар Лигасы! Араға аз уақыт үзіліс салып, евродода тағы да арамызға келді. Бүгін қарт құрлықтың клубтар арасындағы ең беделді жарысы өз жалғасын таппақ. Дәлірек айтқанда қарымта матчтар. Лондондық "Арсенал" Мюнхенге аттанса, "Милан" Мадридке, "Атлетикоға" қонаққа барады. Бірінші ойын "Бавария" мен "Атлетиконы" бір қадам ширек финалға жақындатып қойған-ды. Бүгін қонақтар бұл түйінді түбегейлі өзгертуге әзір... Алдымен Мадридке аттанайық. Бүгін бұнда астанаша 01:45-те "Атлетико" мен "Миланның" теке-тіресі басталады. "Сан-Сирода" өткен ойында қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Испания грандтары "Реал" мен "Барсаға" бой көрсетіп жүрген атлетиколықтар чемпиондар лигасында да ұзаққа бармақ ойда. Демек, өз алаңында Диего Симеоне шәкірттері италиялықтардың мазасын аз алмайды. Ал өз кезегінде тізгінін жақында ғана Зеедорф ұстаған тарихы мол "Миланның" бүгінгі қарқыны нашар. Ішкі біріншілікте оныншы сатыда келе жатқан  "Россонериді" келесі жылы еврододада көруіміз екіталай. Сондықтан Кака бастаған жігіттер бүгін кешке бар өнерін ортаға салуы тиіс. Оның үстіне, "Милан" Италияның Чемпиондар лигасындағы жалғыз үміті. Қорытындылайық, егер мадридтік команда өз білгенінен жаңылмаса, бүгін миландықтарды айналып өте алады. Мойындау керек шығар, қазіргі кезде "Атлетико" италиялықтардан қарағанда әдемі де нәтижелі өнер көрсетіп жатыр. Бұл сөзіме "Милан" қарсы болса, бүгін ойында дәлелдесін. Бүгінгі кештің нағыз драмасы, ел күткен ойыны Германия төрінде өтпек. Бундеслигадан қарсылас таппаған "Бавария" Чемпиондар лигасынан да құр қол кетпек емес. Былтыр 1/8 финалда "Арсеналдан" өткен неміс машинасы ақыры чемпион болып тынған еді. Биыл да сол тарих қайталанбасына кім кепіл? Бірінші ойында немістер 0:2 есебімен басым түскен еді. Алайда Лондондықтар қарымта ойында тосын сый жасай алатынын былтыр көрсеткен болатын (естеріңізге сала кетсек, былтыр "Арсенал" өз алаңында 1:3 есебімен жеңіліп, қарымта кездесуде 2:0 есебімен жеңіске жетті). Енді Мертезекер, Месүт Өзілге өз отанында жасындай жарқырап, көсіліп ойнамасқа амалы жоқ. Гвардиола шәкірттеріне келер болсақ, Бундеслигада чемпион атануға жақын тұрған футболшылар екінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының кубогін көтергісі келетіні анық. Ал Хосеп Гвардиола ең маңыздысы гол жіберіп алмау екенін айтты. Сонымен финалға тұрарлық ойын көргіңіз келсе бүгін 01:45-те КТК арнасын қосыңыз. Неміс машинасы мен зеңбірекшілердің өзара теке-тіресін тікелей эфирден жіберіп алмаңыздар. Есет ТӨЛЕШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×