Стротман Бразилияға бармайды

11.03.2014, 08:46
Стротман Бразилияға бармайды
Өткен сенбіде Голландия ұлттық құрамасы мен "Рома" клубының  жартылай қорғаушысы Кевин Стротман жазда Бразилия жерінде өтетін додада өз құрамасына көмектесе алмайтыны белгілі болды. Италия А сериясы 27 тур орталық кездесулерінің бірінде римдіктер "Наполимен" күш сынасқан болатын. Ойын қорытындысы 1-0. "Наполи" пайдасына. Дәл осы ойын барысында голландиялық жартылай қорғаушы тізесінен жарақат алды. Дәрігерлер Стротман қайта қатарға қосылуына шамамен тоғыз ай уақыт керек деген болжам жасап отыр.   91baecc196258fe96fc254950470f641 Голландия ұлттық құрамасының бас бапкері Луи Ван Галь мырза өз жігіттері іріктеу кезеңін сәтті өткізгеннен кейін Бразилия жеріне баруы түпкілікті шешілген үш футболшының ғана атын атаған болатын. Олар:Роббен, Ван Перси және Стротман. Осы сөздерден кейін-ақ біз Стротманның "қызғалдақтылар" үшін қаншалықты маңызды ойыншы екендігін ұғынуымызға болады. Осы маусым басталар тұста ғана "Рома" сапына қосылған Кевин болса, аз ғана уақыт ішінде италиялық жанкүйерлердің ең сүйікті ойыншыларының біріне айналып үлгерді. "Романың" биылғы маусымдағы нәтижелі ойындарына да негізгілердің бірі болып атсалысып жүрген де осы жігіт. Голландиялық миллиондаған жанкүйерлерге енді таяныш жартылай қорғаушылары туралы мазаланып ойға берілуге себеп табылды. Өйткені, қазіргі таңда Нидерланды елінде Стротманның орнын баса алатындай сенімді жартылай қорғаушы жоқтың қасы. 63800728 Әлем чемпионатының басталуына шамамен үш айдай уақыт бар. Солай бола тұрса да, біріншілік басталмай жатып жарақатқа байланысты жарыстан тыс қалуға мәжбүр болған бірнеше ойыншының есімі белгілі. Стротманмен бірге бұл қатарға ағылшын Тео Уолкотты қосуымызға болады. Сондай-ақ колумбиялық шабуылшы Радамель Фалькаоның да бұл чемпионатқа қатысуы күмән үстінде. Ең өкініштісі сол, жарыс басталмай жатып-ақ алғашқы жеңілістер көрініс беріп жатқандай. Алдағы үш ай ішінде біз тағы қандай футболшылардан айырылып қалуымыз мүмкін деген сауал одан бетер мазалайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×