Бүгінгі күннің соңғы ауыс-түйістері

20.07.2011, 19:45
Бүгінгі күннің соңғы ауыс-түйістері

Аладоп.кз оқырмандарға Еуропа едерінде болған бүгінгі трнасферлік ауысымды назарларыңызға ұсынып отыр. Бүгінгі жаңалықтарды футболдың отанына баланатын Англиядан бастасақ.  Мұнда күннің басты жаналығы болып 16-жасар Сулейман Кулибалидің «Тотенхем» сапына өтуі. Бұл жас талант үшін лондондық клуб жетекшілері 2 млн еуроға шығындалды. Тап осы ұжымдағы тәжрибелі Питер Краучті Харри Рэднапп өз командасында қалдырама, қалдырмайма әлі күнге белгісіз болып келеді. Ұзын бойлы «Тұманды альбион» құрамасының орталық шабуылшысына қазірше Премьер-Лигага биыл ғана қосылған "Куинз Парк Рейнджерс" қызығушылық танытуда.

Жоғары да аталған «Тотенхем» мен  Роман Абрамовия иелік ететін «Челси» командалары «Локомотивтің» жас ойыншысы Алан Гатаговқа көз қырларын салып, қызығушылық білдіріп отыр.

Бүгінге италиялық «Рома» өз саптарына екі ойыншыны қосып үлгерді. Олардың біріншісі хихондық «Спортинг» командасының 21-жасар қорғаушысы Хосе Анхел. Ол ойыншы үшін римдік команда 4,5млн еуро төледі. Ал, екінші ойыншы Луис Энрикенің командасына тегін бұйырды. Ол өткен маусымда «Нант» намысын қорғаған Лоик Него

Мадридтік «Атлетикода» өз жанкүйерлерін жақсы жаңалықпен қуанта алды. Олар жақында ғана аяқталған жастар арасындағы Еуропа біріншілігінің үздік сұрмергені атанған Адриан Лопес Альвареспен келісім-шарт жасасты. Сонымен қатар өткен маусымды туриндік «Ювентус» сапында өткізген  Тиаго Мендеште Кике Санчес Флорестің командасына қосылуы әбден мүмкін.

Франция елінің ауысымынан аз-маз хабар. Ел чемпионы «Лилль» қорғаныс шебін 31-жасар Лоран Боннар мен күшейтсе, «Ренн» қорғаушы   Крис Мавингамен 4-жылдық келімі-шарқа қол қойды.

Бүгінгі Кәрі құрлықта ауызға іліп алатын жаңалықтар міне осынадай

Шолу жасаған Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×