Бұлақ көрсең, көзін аш

13.08.2011, 21:48
Бұлақ көрсең, көзін аш
Биылғы «Coca-Cola Былғары доп-2011» футбол турнирінің 6-шы маусымы Еуропаның дәстүрлі «Күз-көктем» нұсқасы бойынша өтетін болады. «Coca-Cola Былғары доп»  – 2006 жылдан бері еліміздің балалар арасында өткізілетін ең ірі футбол турнирі. Осы уақыт аралығында турнирге қатысушылар саны жыл сайын көбейіп келеді. Егер басында жарыстарға Қазақстанның тек ірі қалаларының оқушылары ғана қатысса, енді еліміздің түкпір-түкпірінен өтініштер келіп түсуде. Өткен маусымда жарысқа Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстары және Астана мен Алматы қалаларының 5 000 мектептерінен 350 000 оқушы қатысты. Өткен жылдарға қарағанда, турнирдің демеушісі «Кока-Кола» компаниясы 2010 жылғы маусымнан бастап, барлық жас бойынша финалдық ойындар кезінде қатысушыларды тегін тамақтандырып, тұратын жермен қамтамасыз етуде. Демек, ұйымдастырушылар балалардың өзін еркін сезінуі үшін қолынан келгенін жасауда. Халықаралық сарапшылар бірінші жылдың өзінде турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын атап өтті. «Coca-Cola Былғары доптың» футбол ассоциа­цияларының еуропалық кеңесінен алған марапаты (УЕФА президентінің қолы қойылған «Әлемдегі балалар-жасөспірімдер футболын дамыту бойынша ең көрнекті оқиға – 2006» дипломы) турнир өткізіліп келе жатқан кезден бергі ең үлкен оқиға болып саналады. Бүгінгі таңда Отандық спортты дамыту жөніндегі президенттік бағдарлама шеңберінде 50 қазақстандық бозбала Бразилияның атақты OLE Brazil мектебінде жаттығып жүр. Олардың ішінде қазақстандық алаңдарда әртүрлі жылдарда өткізілген турнир ойындарында өздерін жақсы жағынан көрсетіп, беделді брази­лиялық мектепте оқу құқығына ие болған «Coca-Cola Былғары доп» қатысушылары да бар. Турнир «түлектерінің» жарқын үлгісі ретінде ұлттық құраманың ойыншысы Сергей Хижниченконы атап өтуге болады. Ол 2006 жылы жоғары жас санатында «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің үздік шабyылшыcы болып танылған еді. Ал қазір Хижниченко – Қазақстанның ұлттық құрамасының үздік ойыншысы, қарағандылық «Шахтердың» шабуылшысы, Премьер-лиганың ең нәтижелі шабуылшыларының бірі. 2011-2012 маусымы «Coca-Cola Былғары доп» дамуында жаңа белес болатыны сөзсіз. Еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай, қазақстандық спорттың халықаралық сахнада артып келе жатқан даңқын ескере отырып, турнирді еуропалық «Күз-көктем» стандарты бойынша өткізу туралы шешім қабыл­данды. Ұйымдастырушылар мамыр айына қарай барлық жастық категориялар – кіші (2000-2001 жж. туғандар), орта (1998–1999 жж. туғандар) және жоғары (1996–1997 жж. туғандар) жастық топтардың финалдық кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. Жеңімпаз атағы мен беделінен басқа, жоғары жастaғы топтағы чемпион командаға 2012 жылы ең атақты еуропалық футбол алаңдарының біріне бару сияқты қосым­ша сыйлық ұсынылады. Бұл 30-дан артық елдердің командалары қатысатын және биылдан бері қазақстандық «Coca-Cola Былғары доп» футбол турнирін құрамына біріктірген халықаралық Copa Coca-Cola (Копа Кока-Кола) балалар-жасөспірімдер турнирінің арқасында мүмкін болып отыр. Дастан КЕНЖАЛИН.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×