Бундеслигасының 3-тур ойындары голға бай болды

23.08.2011, 02:35
 Бундеслигасының  3-тур ойындары  голға бай болды
Бундеслигасының  3-тур ойындары  голға бай болды. Майнс пен Шальке кездесуінде  қақпаға  алты доп соғылса, Вердер мен Фрайбург арасындағы матчта жанкүйерлер  сегіз голға куә болды.
Былтырғы маусымда жолы болмаған мюнхендік «Бавария»  «Гамбургтың» жігерін құм қылды. Алдымен айып алаңға әуелеп жеткен допты Ван Бюйтен қақпаға дәл бағыттаса, 17-минутта Франк Рибери мергендігімен танылды. Осы кездесуде ерекше көзге түскен голландиялық Арьен Роббеннің  де қанжығасы майланбай қалған жоқ. Кездесудің 34-минутында «Гамбург» қақпашысын қапы қалдырған голландиялық легионер  әдемі голдың авторы атанды. Үзілістен кейін де өткір шабуылын тоқтатпаған «Бавария», қонақтарды тағы екі рет ойынды ортадан бастауға мәжбүр етті. Алдымен   Марио Гомес одан соң  жарақатынан енді айыққан Ивица Олич көзге түсті.
Төлеген Жұмабек
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×