Бұрынғы кикбоксшы голландиялық клубтың бас бапкері атанды
06.02.2015, 01:53
Голландияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Ден Босх» клубының ойыншылары ендігі жерде команданың ешқандай тәртібін бұзбайтын болар. Себебі клубтың бас бапкер қызметіне кезінде кикбоксингпен айналысқан Рене ван Эк тағайындалды.
Иә, кикбокста қарсыласының бетін қанға бояған спортшы енді «Ден Босх» ойыншыларын жаттықтырады. Жоқ , Ван Эктің футболға қатысы жоқ емес, бар. Жәй ғана ол футболдағы мансабы барысында кикбоксингпен қатты айналысқан. Кейін бапкер болғасын жаттығуда жаңа тәсіл ойлап тауыпты – голландиялық маман команданы дайындау үшін кикбокс тәсілдерін жиі қолданады екен.
Ван Эк футболдағы мансабын 2001 жылы аяқтады. Төрт маусым бойы «Ден Босх» командасының намысын қорғаған.