"Челси" Англия Лигасының кубогімен қош айтысты

28.10.2015, 17:10
"Челси" Англия Лигасының кубогімен қош айтысты
"Ақсүйектер" 1/8 финалда "Сток Ситиге" есе жіберді Матчтың негізгі уақыты тең аяқталып, командалар жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясына жүгінген еді. Он бір метрліктен тек қана Эден Азар мүлт кетіп, "Челси" келесі раундта өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды. Айта кетейік, бұл "Челсидің" қатарынан екінші жеңілісі. Ағылшын Премьер-Лигасының 10-шы турында лондондық дербиде "Вест Хэмге" тізе бүккен болатын. Англия Лигасының кубогі. 1/8 финал "Сток Сити" - "Челси" 1:1 (0:0) пенальти: 5:4. Голдар: Уолтерс, 52 (1:0); Реми, 90+1 (1:1). Пенальти сериясы: Адам, Одемвинги, Шакири, Уилсон, Арнаутович - Виллиан, Оскар, Реми, Зума, Азар (қақпашы).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×