«Барселонаның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг «Челсиге» ауысты. Бұл туралы лондондық клуб ресми сайтында хабарлады.
«Мен өте бақыттымын. Осы команданың бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын және «Челсиде» ойнауды асыға күтемін. Менің Премьер-Лигада аяқталмаған ісім бар, сондықтан мұнда оралу мен үшін өте қызықты болды», - деді Обамеянг.
Футболшы үшін лондондық клуб 14 миллион еуро төледі. 33 жастағы шабуылшы «Челсимен» екі жылдық келісім-шартқа отырды. Обамеянг жаңа командасында 9-шы нөмірмен өнер көрсетпек.
«Челси» ресми сайтында Денис Закарияны қатарға қосқанын мәлімдеді. «Ювентустың» жартылай қорғаушысы лондондық клуб сапында 2022/23 жылғы маусымның соңына дейін жалдау шарты бойынша ойнайды, содан кейін клуб ойыншыны 30 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігін пайдалана алады.
«Мен «Челсидің» жанкүйерлеріне сәлем айтқым келеді! Мен сіздермен «Стэмфорд Бриджде» кездесетін сәтті тағатсыздана күтудемін. Осы клуб үшін ойнайтыныма өте қуаныштымын және мақтанамын», - деді Закария.
Денис – Швейцария құрамасының футболшы. Ол «Ювентусқа» 2022 жылдың қаңтарында Мёнхенгладбахтың «Боруссиясынан» ауысты. Содан бері туриндік клуб үшін 15 матч өткізіп, бір гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET