"Челси" тізгініне үміткерлер

02.11.2015, 21:20
"Челси" тізгініне үміткерлер
Алайда, Моуриньо әлі де болса өз орнында Сенбі күні "Челси" өз алаңында "Ливерульге" есе жібергеннен кейін, Роман Абрамович жағдайды түзеу үшін Моуриньоға екі матч уақыт бергені белгілі болған еді. Екі ойынның бірі Чемпиондар Лигасындағы "Динамо Киевке" қарсы матч болса, екінші ішкі чемпионаттағы қонақта өтетін "Сток Ситиге" қарсы кездесу. Сондай ақ, батыстың басылымдарында Моуриньоны алмастырады деген мамандар тізімі өрбіп жүр. Олар: Антонио Конте(Италия ұлттық құрамасының бапкері), Роберто Манчини("Интер"), Карло Анчелотти, Фабио Капелло(екеуі де жұмыссыз). "Челси" АПЛ-дағы 11 турдан кейін 15-ші орында тұр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×